Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есеп дегеніміз мекеменің іс-әрекеттерің ақшалай есептеу жүйесі. Яғни бухгалтерлік есеп мекеме — қанша пайда тапты, қаншама шығынға батты, жұмысшыларға қанша төленді, салықты төлеуге неше қаржы жұмсалды, жаңа еңбек құралдарың сатып алуға қаншама ақша жұмсалды тағы сол сияқты қажеттіліктерге жұмсалған ақшаны есептеу әдісі.

Бухгалтерлік есеппен мекемелерде арнайы маман — бухгалтер айналысады. Жалақыны беретің (қолма-қол ақшалай немесе банктегі картаға қаржыны аудару арқылы) адам да осы бухгалтер.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаттары

Біріншіден бухгалтерлік есеп компанияның жалпы шығындары мен жалпы кірістерің салыстыру үшін қажет — компания пайда табып жатыр ма? әлде компания шығынға белшеден батып жатыр ма?

Екіншіден бухгалтерлік есеп компанияның міндетті төлемдерің тұрақтандыру үшін қажет — жалақыны уақытында төлеу үшін, жалға алған ғимараттың арендасын уақытында төлеу үшін, салықтарды уақытында төлеу үшін тағы сол сияқты.

Үшіншіден заң алдында мекеменің барлық іс-әрекеттерінің әділетті болуын қадағалау.

Төртіншіден мекменің қаржысының жұмсалуының қадағалау.

Бесіншіден қор жинау.

Бухгалтерлік есептеу бағдарламалары

Бухгалтерлік есептеу баяғыда қағаз бетінде, қазір компьютерлерде жүзеге асады. Қазақстан мен ТМД елдерінде негізінен 1C бағдарламасын қолданады. Кей жерлерде Excel-ді де қолданады.