Маркетинг деген не

Бостон консалтинг тобының моделі Бренд деген не? Брендинг деген не? Қазақстан брендтері Жарнама дегеніміз не Имидж деген не? Логотип деген не? Логотип жасау жолы. Слоган деген не Пиар деген не? Қоғаммен байланыс Франшиза деген не? Франчайзинг деген не?

Маркетинг деген не

Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіретің мекемелер — коммерциялық компаниялар, және бұл өнімді (тауарлар мен қызметтерді) тұтынатың тұтынушылар бар болады.

Маркетинг дегеніміз коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерің тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.

Яғни маркетингтің негізгі мақсаты коммерциялық компанияның пайдасын арттыру.

Маркетингтің негізгі ұғымдары

Мұқтаждық — әрбір адамның ас ішу, киім кию, білім алу, т.с.с мұқтаждықтары бар болады.

Қажеттілік — мұқтаждықтын конкретизациясы. Мысалы аштық — мұқтаждық, ал беспармақ жеу ниеті — қажеттілік болады.

Тауар — адамдардың қажеттіліктерін өтей алатын және айырбастауға не сатылуға ұсынылған материалды не материалды емес объект. Мысалы дүкендерде сатылатын — қаламсап, дәптер, нан, компьютер және тағы сол сияқтылары тауар болады.

Әдетте материалды емес тауарларды қызмет деп атайды. Мысалы шаш алу, заңгерден кеңес алу, дәрігерге қаралу қызмет болады.

Сатылымдардың қабілеттілігі — адамның тауарды сатып алуға қажетті ресурстардың мөлшері. Яғни адамның тауарды сатып алуға ақшасының (не өзге ресурстарының) бар не жоқ болуы.

Тауар алмасу — тұтынушылар арасындағы, тауарларды, қажеттіліктеріне қарай, бір-бірімен айырбасталуы.

Тауарды ақшаға сату тауар алмасудың бір түрі болады.

Нарық — екі түрлі мағынаға ие, бірі тауар алмасатын жер (реалды не виртуалды), екіншісі сатып алушылардын жалпы жиынтығының атауы.

Пайда — тауарды сатқаннан түскен және тауарды өндіруге жұмсалған қаржының айырмасы.

Бәсекелестер — бір қажеттілікті өтеуге ұсынған тауарлары бар және бір ортақ нарықта жұмыс істейтің компаниялар.